Адами капитал

Атыраудың әскери қызметшілері командирлік даярлықтың негізгі құрылымын меңгеруде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскерилер командирлік даярлықтан өтеді. Жиынға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрамалары (дивизиондары) мен бөлімдерінің батальон командирлері қатысады.
Атырау14 Наурыз , 15:56

 Жиын мақсаттары – батальон (дивизиондар) командирлеріне командирлік даярлықтың негізгі нысандары бойынша білім беру, тактикалық оқу-жаттығулар мен ұшулар барысында олардың білімі мен дағдыларын жетілдіру, офицерлерді оқыту және тәрбиелеуде озық тәжірибені зерделеу болып саналады. Жиын Атырау қаласындағы 51051 әскери бөлімінің базасында өтеді.

ҚР СІМ хабарлағандай, әскери шарада 25744 әскери бөлімі, 30238 ә/б , 66597 ә/б батальондары (дивизиондары) мен жеке мотоатқыш бригадаларының командирлері қатысады. Онда жауынгерлердің күнделікті іс-қимылын басқару жөніндегі оқу-жаттығу өтеді. 

Олар жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әскери оқыту және тәрбие үдерісінің мәні, сондай-ақ  шетел армиясының қарулы күштерінде қолданылып жүрген кейбір заманауи жүйесінің құрылымы мен ұрыс мүмкіндіктерін әскер қызметінде ұйымдастыру және басқару.

 Сонымен қатарбригаданы ұрысқа моральдық-психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету, құқық және әскери тәртіпті қолдау бойынша жұмыстар ұйымдастыру, әскери қызметшілердің құқығы мен кепілділігін сақтау, қорғаныс, өзара көмек, психологиялық беріктік ахуалында жеке құрамды табандылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ психологиялық көмек орталығын ұйымдастыру және әскери қызметшілерді психологиялық сауықтыру іс-шараларын жүргізу жұмыстары бойынша мәселелеріәзірленді. Әскери қызметшілер тактикалық даярлықтан өтуде.

Жедел даярлық классында арнайы операциялар барысында артиллерияны қолдану, халық орналасқан жерлерде заңсыз қаруларды оқшаулау және жою кезінде артиллерия бригадасын ұрыс іс-қимылына енгізу, сондай-ақ бригада қорғанысының жалпы жағдайы, қорғану түрлері және т.б. зерделенді. Жиын қорытындысында батальон (дивизиондар) командирлерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы даярлығы мен тәжірибелік дағдысын, әр батальон (дивизион) командирінің кәсіби біліктілікке сәйкестігіне баға беріледі.
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика