Ұлттың денсаулығы

Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында ынтымақтастық орнатуға келісті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ.Дүйсенова Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализодамен кездесті.
Астана қаласы14 Наурыз , 14:31

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында денсаулық сақтау және еңбек мигранттары саласындағы ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. 

Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басым бағыттар, атап айтқанда: ана мен бала денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша мамандардың тәжірибе алмасуы және бірлескен іс-шаралар кешенін әзірлеу; қатерлі инфекциялық аурулар жөнінде ақпарат алмасу, медициналық көмекті және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар өткізуді талап ететін төтенше жағдайлар орын алған кезде бірлесе әрекет ету; жұмыскер-мигранттарға медициналық-санитариялық көмек көрсетудің тиімділігін және қолжетімділігін арттыруда ынтымақтастықты жолға қою бойынша өзара тиімді іс-әрекеттестікті жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап еліміздің медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары базасында медициналық мамандардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша қызметтер ұсынды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ.Дүйсенова елімізге шетелдік жұмыс күштерін, оның ішінде маусымдық жұмысшылар тарту мәселелерін реттейтін ҚР қазіргі заңнамасы жөнінде әңгімеледі.  

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан азаматтары, жұмыскер-мигранттарға қатысты заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

 




Яндекс.Метрика