Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың сайлаудағы штабын М.Құл-Мұхаммед басқарады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы Президент сайлауында қолдау көрсететін қалалық штаб құрылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов арнайы мәлімдеді.
Астана қаласы13 Наурыз , 18:13

Алдағы сайлауда Мемлекет Басшысына қолдау көрсету мақсатында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед жетекшілік ететін Республикалық штаб және еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде елордамыз Астана қаласында қоғамдық штаб құрылды.

«Мен Астана қалалық қоғамдық штабтың жетекшісі болып тағайындалдым. Сондай-ақ Президенттікке үміткер, Елбасының сенімді өкілі болып бекітілдім. Бұл мен үшін абыройлы міндет, жауапкершілігі жоғары қызмет- деп мәлімдеді Астана қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Сапар Қайратұлы Ахметов.

Қалалық штаб Тәуелсіздік көшесі 3, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ғимаратында орналасқан. Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған.

 «Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған», - деді ол.

Штаб жұмысының негізгі міндеті  Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлау кампаниясына жан-жақты қолдау жасау, үміткердің сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау.  

Қалалық штабтың құрамына ұйымдастыру, үгіт-насихат жүргізу, заңнамалық, сараптамалық қызмет және ақпараттық қамтамасыз ету топтары енеді. Сонымен қоса, Президенттікке кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлімі және баспасөз қызметі жұмыс істейді», - деп айта кетті.

 Желілік кесте бойынша еңбек ұжымдары мен тұрғын үй аулаларында, ірі ұйымдарда, кәсіпорындарда кездесулер, жастар қатысуымен флешмобтар және пікірсайыстар өткізу жоспарланған. Жұмыс барысында жаңа ақпараттық технологиялар және әлеуметтік желілерге басымдық беріледі.  

 




Яндекс.Метрика