Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Кәсіподақтар одағы Н.Назарбаев кандидатурасының ұсынылуын қолдайды

Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетінің кезекті отырысы өз жұмысын бастады, отырыс «Нұр Отан» партиясының атынан Президент сайлауына ұсынылған үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналды, деп хабарлады BNews.kz.
Астана қаласы13 Наурыз , 19:16

Атқарушы комитет мүшелері ел Президентінің кәсіподақ қозғалысының қалыптасуы мен дамуында алатын рөліне тоқталып, Елбасының жүргізіп жатқан салиқалы саясатының арқасында еңбек адамы мемлекеттің басты діңгегіне айналғанын атап өтті. 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған барлық Жолдауы, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбек адамы мәртебесінің артуына, әлеуметтік-еңбек қатынастарының жетілдірілуіне, жұмыссыздықтың азаюына, азаматтық қоғам құруда қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтардың рөлін арттыруға бағытталған. 

Осыған байланысты атқарушы комитет мүшелері алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы қоғамның жасампаз күші ретінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға өз ықпалын тигізеді, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды ұйымдастыруда көп жоспарлы жұмыс жүргізеді және Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшесі ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысады. 
 

 

 




Яндекс.Метрика