Өңірлер

«ҚазАгро» агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 8,1 миллиард АҚШ долларын жұмсады

2007 жылдан бастап іске қосылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 8,1 миллиард доллар жұмсады, оның 1,2 миллиард доллары 2014 жылдың үлесінде. Холдингтің еліміздің аграрлық саласын қаржыландыруының арқасында республикада 41,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы бүгін «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамытудың қажеттілігі» атты конференция барысында айтылды.
Астана қаласы13 Наурыз , 19:02

«ҚазАгро» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Қанат Жауымбаевтың айтуынша, холдингтің инвестициялық портфелінде бүгінде құны 1,7 миллиард долларды құрайтын 477 жоба тұр.  Бүгінге дейін құны 1,2 миллиард доллар тұратын 365 жоба іске қосылған. 2014 жылдың өзінде 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. 

Конференция барысында сөйлеген «КазАгро» өкілінің айтуынша, аталмыш жобаларды жүзеге асыру сүт импортын 6 пайызға, құс етін 27 пайызға, көкөністерді сатып алуды 5 пайызға кемітуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көкөністерді сақтайтын қоймаларға зәрулік 51 пайызға азайып, 2016 жылы  мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуеті артады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамытудың қажеттілігі» конференциясы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың және АҚШ пен Канаданың Қазақстандағы елшілерінің қатысумен өтті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика