Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы ҚР Президенттігіне ұсынылған Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды

Бүгін Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.
Астана қаласы13 Наурыз , 17:46

«Біз, Қазақстанның  мүгедектер конфедерациясының мүшелері  Қазақстан Республикасы Президенттігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың  кандидатурасын толығымен қолдаймыз», - деп мәлімдеді Қазақстанның  мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова.

Қазақстанның  мүгедектер конфедерациясының президенті  атап өткнедей, тәуелсіздік жылдары елімізде аса маңызды әлеуметтік мемлекеттің іргетасы қаланды, тиімді еңбек, дамыған білім беру мен денсаулық сақтау салалары дамудың басты бағыттары болып табылады.

«Қазақстанда жаһандық экономика өсімінің төмендеуіне қарамастан әлеуметтік төлемдер жайдан-жай көтеріліп жатқан жоқ. Бүгінде оларды 4 миллиондай азамат алады. Сонымен қатар, біз Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру жұмыстарын жоғары бағалаймыз», - деп жалғастырды Ж. Омарбекова.

Оның айтуынша, елімізде жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  медициналық және білім беру мекемелерінің саны артып келеді. Мүгедектердің жақсы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Мүгедектердің құқығы туралы конвенцияны  ратификациялады. Аталмыш заң мүгедектердің еліміздің өзге азаматтарымен бірдей деңгейде азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени мүмкіншіліктері мен ҚР Конституциясында бекітілген өзгеде құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде аталмыш Конвенцияны әлемнің 151 мемлекеті ратификациялады. ТМД елдерінің ішінен - Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Ресей  Федерациясы мен Украина. Конвенцияны ратификациялау Қазақстанда өмір сүретін 627 мың мүгедек жанның құқығы мен бостандығын қорғауға қосымша кепілдеме береді. 




Яндекс.Метрика