Адамзаттық капитал

Қазақстан халқының саны 17,4 млн адамды құрайды

2015 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 439,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 646,3 мың (55,3%), ауылдықтар – 7 793,0 мың адамды (44,7%) құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Казахстан14 Наурыз , 11:01

2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,5% өсті.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтарда туылғандар саны 33,4 (33,7)  мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 0,9% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,44 (22,96) туылғандарды құрады.

2015 ж. қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтармен салыстырғанда 0,2 мың адамға немесе 1% артып, 21,7 (21,5) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,55 (14,62) адамды құрады.

Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 12,2% көбейіп, 1 589 адамды құрады, көші-қонның айырымы 141 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 89,5% және 89,0% құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 13 804 адамға немесе 49,3% көбейіп, 41 796 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 40,4% (43,7%) тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (2 690 адам), Астана (473 адам) қалаларында және Ақмола (124 адам), Маңғыстау (78 адам), Ақтөбе (11 адам) облыстарында қалыптасты.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика