Өңірлер

Қазақстанда 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі екі есе артты

Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі екі есе артты, деп хабарлады primeminister.kz сайты.
Астана қаласы13 Наурыз , 18:29

«Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2 есе артты және өткен жылы 2,5 трлн теңгені құрады», - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту қажеттілгі» атты конференцияда.

Оның айтуынша, бес жылдық мерзімде экспорт 1,6 есе өсіп,  3 млрд долларға жуық шамада болды. Осы ретте, министр атап өткендей, Қазақстан ұн экспорты бойынша соңғы 6 жылда әлемде көшбастап келеді және негізгі капиталға да инвестиция артуда.

«Мысалы, өткен жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 млрд доллар шамасында балды, ал өсім 16%-дан асып жығылды. Бұл экономика салаларының ішіндегі ең жоғарғы өсім», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптарының тиімді пайдаланылуына көңіл бөлу керек. Оның мәліметі бойынша, бүгінде 35 млн га алқаптың тек 25 млн га ғана игеріледі. Осы ретте әр гектардан орташа есеппен жылына 11,4 центнер бидай алынады, бұл өз кезегінде төмен көрсеткіш болып есептеледі.




Яндекс.Метрика