Адамзаттық капитал

Әуе қорғанысы күштерінің кіші сержанттар құрамының 100 сарбазы әскери жиында болып қайтты

Биылғы жылы әуе қорғаныс күштері қолбасшылығының кіші сержанттар құрамының білімі мен біліктілігін арттыруға бағыталған әскери жиын әуеден қорғану әскери бригадасының басқармасында өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметі.
Оңтүстік Қазақстан 14 Наурыз, 11:27

Бүгінгі таңда әуе қорғаныс күштері саласындағы оқу-материалдық базасының кеңеюіне және әскери бөлім қолбасшылығының жеке құрамның кәсіби деңгейін көтеруге деген ынта-ықыласының арқасында бұл мәселе тиісті шешіміп тапты. Осыған дейін мұндай  жиындар мен сержанттарды командирлік дайындық сабақтарынан өткізу жергілікті жерлерде ұйымдастырылатын болған.  

Оқу-әдстемелік жиынға келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген 98 әскери азамат қатысты. Онда бригада сержантының басқаруымен оқу-жаттығу жұмыстары күндіз де түнде де жүргізілген. Мұндағы мақсат – әуе қорғанысы күштерін білікті командирлермен және мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. «Бұл салаға деген талап қазір күшті. Сондықтан әрбір сержант өз ісінің кәсіи маманы болуы керек»,-дейді оқытушы-шебер сержант Сәрсембай Шаруханов.

Оның сөзінше, әскери жиын Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен ұйымдастырлып отыр, ал жиын барысындағы сынақтардан сүрінбей өткен әскери қызметкерлер грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.   

  

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика