Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Ұлттық ақпараттық технологиялар Қазақстан жүргізушілеріне арналған SMS-қызметті іске қосты

Қазақстандықтар өз автокөлігі үшін техникалық байқаудың қолданылу мерзімін SMS арқылы біле алады.
Казахстан13 Наурыз , 19:32

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, автокөлік иелері SMS арқылы техникалық байқаудың қолданылу мерзімі туралы ақпаратты ала алады. Ол үшін «Техбайқау» сөзін және автокөліктің мемлекеттік нөмірін 414 нөміріне жіберу қажет. Мәтіндік хабарламаның нұсқалары төмендегідей болуы мүмкін:«Техбайқау автокөлік нөмірі», «Techosmotr автокөлік нөмірі», «Tehnikalyk baikau автокөлік нөмірі», «8 автокөлік нөмірі».

Қызметті алу кезінде пайдаланушы тек SMS-хабарламаның құнын төлейтін болады, ол 7 теңгені құрайды және абоненттің телефон шотынан алынатын болады.

Аталған қызметті алу үшін автокөлік иесі мобильдік үкіметте тіркелу қажет. Оны www.egov.kz электрондық үкімет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасауға болады.

Мобильдік үкімет пайдаланушысы сондай-ақ техбайқауды өту қажеттілігі туралы SMS және PUSH-хабарламаларға жазыла алады. Хабарламаға жазылу автокөлік иелеріне техникалық байқаудың қолданылу мерзімі аяқталғанына дейін техникалық байқау орталықтарына бару қажеттігі туралы білуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, PUSH-хабарлама – бұл смартфондағы іске қосылған бағдарламалардың жоғарғы терезелерінде пайда болатын хабарламалар, олар маңызды өзгерістер, жаңартулар немесе оқиғалар туралы хабар береді. Мысалы, оқылмаған хабарламалар, әлеуметтік желілердегі жаңартылған жағдайлар туралы ескертеді. Бұл хабарламалар тегін болып табылады, тек Интернетке кеткен трафик жұмсалады.

Мобильдік үкіметте электрондық үкімет порталы, ХҚКО және egov.kz мобильдік қосымшасы арқылы тіркелуге болады. eGov порталы немесе моб. қосымшада тіркелу кезінде ұялы телефонның нөмірін көрсету жеткілікті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика