Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-ақпанында бөлшек сауда көлемі 3,9 пайызға көбейді

2015 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға жоғарылап 857,2 млрд. теңгеге жетті.
Казахстан13 Наурыз , 19:53

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлағандай, 2015 жылғы қаңтар-ақпанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 470,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты мәні 2,2%-ға артық.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 6,1%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45,1%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 65,8%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға өсті, азық-түлік тауарлар – 0,8%-ға төмендеді.

2015 жылғы 1 наурызға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 292,0 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері – 67 күн.Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаңтар-ақпанда республикада Алматы қаласы (29,6%), Астана қаласы (10,8%) және Қарағанды облысы (10,3%) құрады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика