Адами капитал

Танк биатлоны бойынша «Шығыс» ӨҚ чемпиондары анықталды (Фото)

Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімінің базасындағы «Майлино» полигонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы командалары танк экипаждарының арасында танк биатлонынан чемпионат өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 15 Наурыз, 15:35

«Барлық жүлделі орындарды (1-3 орындарды) 10810 әскери бөлімінің танкшілері жеңіп алды. Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің танк экипажы 4-орынды иеленді. Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді», - делінген хабарламада.

Жеңімпаздар танк биатлоны бойынша ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің ауқымында өтетін жарысқа дайындалатынын атап өткен жөн. Жаттығу барысында әр танк экипажы өз шеберлігін барынша көрсетуге тырысады. Олар үшін ең бастысы үйлесімділік.

Сондықтан берілген бағытты жылдам бағындырумен қатар 900-ден 2 200 метрге дейінгі қашықтықта орналасқан түрлі нысананы дәл көздеу тек үйлесімді жұмыстың және әр экипаж мүшесінің (танк командирі, дәлдеуші-оператор, жүргізуші-механик) жеке және ортақ міндетті түсінуінің арқасында іске асады.

 Естеріңізге сала кетсек, «Танк биатлоны – 2015» биыл жазда Мәскеу маңындағы «Алабино» оқу-жаттығу кешенінің базасында өтеді. Жарыс шеңберінде танкистер төрт кезеңді де (жеке жарыс, спринт және із кесу жарысы, спорттық кезең, эстафета) сәтті аяқтауы қажет.

 





Яндекс.Метрика