Ауыл әкімдерін сайлау

ҚР ОСК-ның өкілдері Варшавада ауыл әкімдерін сайлау кезіндегі тәжірбиелерін айтты

Бүгін, 1 қазанда ҚР Орталық Сайлау Комиссиясы Көкілдері демократиялық сайлау мен өткізу мен оны бақылау мәселесіне байланысты адамзаттық өлшем бойынша ЕЫҚҰ жиыны отырысының жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.
Әлемде02 Қазан , 11:05

«Жиынға қатысушы мемлекеттер тарапынан міндеттемелерді орындау барысының бірлескен талқылану  мүмкіндіктерін таныстыру мен оң нәтижелерді енгізу ұсынылды», - делінген хабарламада.

ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев елімізде тамыз айында өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауының негізгі нәтижелерін таныстырып, мұның Қазақстандағы саяси және сайлау жүйесіндегі  дамуындағы маңызын атап өтті.

«Өткізілген сайлау қорытындысы бойынша, 2457 ауыл және аудан әкімдері сайланды. Бұл елді-мекендерде жалпы саны 7 млн болатын қазақстандықтардың жартысына жуығы өмір сүреді», - деді Марат Сәрсенбаев.

Жиынға қатысушылар қатысушы мемлекеттердің оң нәтижелерімен болашақта бөлісуді және облыс әкімдерін сайлаудағы алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді енгізуді қолдады.

 

 




Яндекс.Метрика