Адами капитал

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жаяу әскер жауынгелік машинасының үздік көздеуші – операторы таңдалды (Фото)

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаяу әскерлер әскери машинасының көздеуші-операторларышеберлігін тексерілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 13 Наурыз, 20:42

«Отар» қырықыншы әскери базасының «Матыбұлақ» полигонында тәжірибе оқу-жаттығуыөтті. Көздеуші-операторлардың негізгі міндеті техниканың осы түрінің бар мүмкіндігін қолдану арқылы дәл және тиімді атумен шартты қарсыласты зақымдау болды.  

Екі жүзден астам әскери қызметші Қазақстан армиясының Құрлық әскерлері қару-жарағы сапындағы қуатты жауынгерлік техниканы басқару дағдыларын көрсетуге тырысты. Оқу-жаттығуға БМП-2 үлгісіндегі он екі жаяу әскер жауынгерлік машинасы тартылды.  Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша 85395 әскери бөлімнің (Тараз қаласы) әскери қызметшісі кіші сержант Тегешев Еркебұлан үздік шықты.

Екінші орынды 42062 әскери бөлімінің (Луговое кенті) әскери қызметшісі аға сержант Райымқұлов Нұрсұлтан, үшінші орынды 35748 әскери бөлімінің (Шымкент қаласы) әскери қызметшісі сержант Жүнісбеков Рамазан иеленді Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың ақпан айында осы полигонда атыс қаруынан және жаяу әскер жауынгерлік машинасы (БМП) атыс қаруынан атыс даярлығы бойынша сабақтар өткен болатын.

Олардың ішінде 20-дан астам техника, 25 БМП экипажы, 250 офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды. Тәжірибелік сабақтар атыс қаруынан ату бойынша жеке құрамның дағдыларын бекіту және жаяу әскер жауынгерлік машинасы экипажының әрекетін шыңдау, сондай-ақ олардың шеберлігін жетілдіру үшін өткізілді.
 





Яндекс.Метрика