Мәдениетті жаңғырту

Ерейментауда Ақмола облыстық филармониясының концерті өтті

Ақмола облыстық филармониясы Ерейментау қаласында концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Ақмола Медиа Орталығы.
Ақмола 13 Наурыз, 20:23

Концерттің бағдарламасы бойынша,  онда Шығармашыл жастардың  V «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты  «Айнакөл» фольклорлық ансамблі – жетекшісі Руслан Қойшыбаев,  «Гәкку» би ансамблі, Шығармашыл жастардың  «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты -  орындаушы Мереке Бекмағамбетов, Рашида Галимова, Алмас Оразалин, «Ару» квартеті, Әділ Құсайынов пен Ләззат Ыдырысовалар өнер көрсетті.  

Хабарламадан мәлім болғанындай, филармония өкілдерінің мұндағы басты мақсаты – ұлы ақындардың мұралары мен Қазақстан композиторларының туындыларын, классикалық музыка шеберлерінің өнерлерін және ұлттық салт-дәстүрді нығайтып, оны халық арасында кеңінен насихаттап, дамыту. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика