Урбанизация және өңірлер дамуы

Жарқайын ауданында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында халықтың 92% сумен қамтылған

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы өткен жылдан бастап Кенск ауылын Отрадное ауылына қосу арқылы сумен қамтамасыз ету жүйесін жөнге келтіру жобасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола15 Наурыз , 18:52

Жарқайын ауданындағы жобаның жалпы құны 294,9 млн теңгені, ал желінің ұзындығы 31,1 км құрады, ал желіні ағымдағы жылы аяқтау көзделген.

Сонымен қатар, осындай ірі жобалармен бірге Бірсуат, Шойындыкөл, Нахимовка мен Құмсуат ауылдарында сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру жұмыстарына да басымдылық берілген.

«Екі жыл бойы республикалық бюджет бағдарламасы шеңберінде аудандағы бірқатар ауылдарда  іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде, олардың кейбірі байынша жобалық сметалық құжатнамаса жасақталып жатса, кейбір ауылдарда скважиналар қазылып, бақылау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».




Дерекнама

Яндекс.Метрика