Шағын және орта бизнесті дамыту

Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге 35,063 млрд теңге субсидия төленді

ШОБ үшін төленген субсидиялар көлемі 35 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды ИЖТМ-ның баспасөз қызметі.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Қазіргі уақытта Қазақстан Президенті Нұрұслтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы бизнес жағдайды жақсарту жөніндегі бағдарламаның арқасында соңғы үш жылда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты түрде артуы байқалады», – делінген хабарламада.

Бағдарламаны қаржыландыру бірқатар бағдарламалар бойынша мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
«Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялар енгізуге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады», – деді Қазақстан Преизденті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған байланысты ол Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Аталған бағдарлама «Бизнестің жол картасы – 2020» деген атауға ие болды.

Бүгінде 35,063 млрд теңге  субсидия төленді, 8,077 млрд теңге сомаға кепілдеме берілді. Жалпы, бағдарлама бойынша қолдау көрсету шараларымен 37 мыңнан астам кәсіпкер қамтылып, 136 мың жұмыс орны сақталды және қосымша 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.




Яндекс.Метрика