Ананы қорғау

Астанада әйел және бала денсаулығы саласындағы инновация бойынша конференция өтті

3-4 қазан аралығында Астанада «Әйел және бала саласындағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп «Ана және Бала Ұлттық Ғылыми Орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы05 Қазан , 13:18

Конференцияның ғылыми бағдарламасында: перинаталды орталықтағы инфекциялы проблемалар, жүктілік сұрақтары, уақытынан ерте босану, бала хирургиясындағы сұрақтар сынды тақырыптар талқыланды, деп хабарламада нақтыланды.

Сонымен қатар, конференцияға Германия, Франция, Ресей, АҚШ, Италия, Израиль елдерінің мамандары қатысты.

Айта кетейік, жыл сайын Ана және Бала орталығы әлемнің жетекші мамандарының басын біріктіретін конференция өткізеді. Ол халықаралық байланыс орнату мен тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика