Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Біз Н.Назарбаевтың тәжірибесі мен өз халқын қойылған мақсатқа жеткізетініне сенімдіміз - «KSP STEEL» ЖШС ұжымы

Елбасының атына президенттік сайлаудың шешімін бекіткені үшін алғыстар мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын сайлауда ұсынуға көптеген жеделхаттар мен өтініштер келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы02 Наурыз , 20:02

Мемлекет басшысы атына кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшыларынан, көрнекті спортшылардан сайлау өткізу туралы шешімді қолдаған және Нұрсұлтан Назарбаевқа өз кандидатурасын Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ұсынуды өтінген хаттар легі жалғасуда.

Атап айтқанда,Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС өкілдері әлемдік құрылымдағы жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан халқы біртұтас болуы және ел Президентімен бірге жүруі тиіс екеніне тоқталған.

«Қазфосфаттың» алты мың адамдық еңбек ұжымының тілегі – Сізге жаңа сенім мандатын беру. Біз өз болашағымызды нақ Сізбен байланыстырамыз, бізге Қазақстанның бұрынғыша бейбітшілік пен келісімнің ортасы, тұрақты әрі қарқынды мемлекет болып қала беруі үшін бәрін де жасай алатын дәл Сіздей дана Көшбасшы керек. Сондықтан Сізден алдағы сайлауда өз кандидатураңызды Мемлекет басшысы лауазымына ұсынуды өтінеміз. Біз белсене қатысатынымызды және Сіздің кандидатураңызды бірауыздан қолдайтынымызды мәлімдейміз», – делінген  жеделхатта.

Павлодар қаласындағы «KSP STEEL» ЖШС бес мың адамдық ұжымының қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау өткізу бастамасын қолдағаны туралы жаңалықты қуана қабылдағанын айтып, Мемлекет басшысынан өз кандидатурасын ұсынуды өтінген.

«Біз Сіздің саясатыңызға сенеміз, өз халқын алға қойылған мақсатқа – тұрақты қоғам құруға және елді өркендетуге бастай білетін қабілетіңіз бен тәжірибеңізге сенім артамыз. Жұмысшылар қауымы Сізді жерге қаратпайды», – деп жазады авторлар.

Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ басшысы А.Ибрагимов кәсіпорын ұжымы барлық жетістіктері мен табыстарын Мемлекет басшысының есімімен байланыстыратынын атап өткен.

«Сайлауға кандидатураңызды ұсынуды екі жарым мыңнан астам металлургтердің атынан өтінемін. Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен көп нәрсеге қол жеткізе алды. Бізді болашақта да жаңа биіктер, өркендеу және экономикалық даму күтіп тұрғанына сенімдімін. Бұл жолда бізге Сіз сияқты қуатты Көшбасшы керек», – делінген хатта.

«Имсталькон» ЖШС еңбек ұжымының мүшелері Мемлекет басшысымен бірге елді ауқымды жаңғырту жолымен жүруге дайын екенін білдірді.

«Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жалғастыруды, бірлікті, келісім мен тұрақтылықты нығайтуды қолдаймыз. Еліміз Сіздің басшылығыңызбен ғана барлық қиындықты еңсере алатынына сенімдіміз. Сондықтан Ұлт Көшбасшысының есімімен байланысты болашағымызға қатысты таңдауымызды жасадық. Біз Сіздің Қазақстан Президенті лауазымына кандидатураңызды толық қолдайтынымызды мәлімдейміз», – делінген хатта.

Өскемен қаласынан «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жұмысшыларының бастамашыл тобы белең алған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында сайлау өткізу дер кезінде қабылданған шешім екенін айтқан және оған Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп үміттенетіндерін білдірген.

«Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп отырмыз, алаңсыз жұмыс істеп, балаларымыз өсіреміз, болашаққа жоспар құра аламыз. Бұл – Қазақстанның Сіздің басшылығыңызбен жеткен басты табысы. Біз Сізге сенеміз! Сізді мақтанышымыз әрі үмітіміз, ертеңгі күнге деген сенімділік пен тұрақтылықтың, қоғамдағы татулық пен келісімнің кепілі деп толық негізбен  айтамыз», – делінген хатта.

«Қарағанды ұн комбинаты» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысына экономикалық және әлеуметтік салаларда жүргізіліп жатқан реформалар үшін алғыс айтып, алдағы Президент сайлауына қатысуды өтінген.

«Сізбен бірге болсақ, болашағымыз да зор болатынына сенімдіміз», – деп жазады авторлар.

Қостанай облысындағы «Евразкаспиансталь» ЖШС жұмысшылары Мемлекет басшысының даналығы мен табысты басшы ретіндегі көпжылдық тәжірибесі елдің әрі қарай дамуының, халық бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың кепілі болып саналатынын айтады.

«Біздің көпұлтты ұжым алдағы сайлауға өз кандидатураңызды ұсынуды Сізден Ұлт Көшбасшысы ретінде өтінеді», – делінген хатта.

«Метакон» ЖШС қызметкерлері де көпұлтты елдің табысты дамуға деген үміті мен одан әрі өркендеуін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстырады.

«Сіздің сайлауға қатысуыңыз біз үшін және туған елінің тағдырына бей-жай қарамайтын барша қазақстандықтар үшін  айқын әрі дұрыс шешім болады. Сіз – жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етудің, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды табысты жүзеге асырудың, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың кепілісіз. Біздер, Жетісу өлкесінің тұрғындары, Сіздің жерлестеріңіз, өзіміздің және балаларымыздың болашағы Сізбен байланысты екенін білеміз», – деп атап өтеді авторлар.

Атырау облысының энергетиктері Қазақстанның қарқынды дамуы республикамызға өзге елдердің қатарынан лайықты орын иеленуге мүмкіндік бергеніне тоқталған. Авторлар бұл табысты Мемлекет басшысының еңбегімен байланыстырады және Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауына қатысуын өтінген.

«АрайСтроймаркет – 2003» ЖШС алюминий радиаторларын шығаратын зауытының еңбек ұжымы кәсіпорынның барлық жетістіктері мен табысы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен, елді индустриялық-инновациялық дамыту саясатының арқасында мүмкін болғанына тоқталады.

«Біз елді мақсатты түрде түрлендіру саясатын одан әрі жалғастыруға, халықты сыртқы қатерлердің алдында ұйыстыруға Сіз ғана қабілетті екеніңізге сенімдіміз. Сондықтан бізді ел Президенті лауазымына өз кандидатураңызды ұсыну туралы әлі шешім қабылдамағаныңыз алаңдатады. Біз бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде шешіледі деп үміттенеміз. Өз тарапымыздан дауысымызды сындарлы әрі әлеуметке бағдарлы саясатты жалғастыру үшін беруге дайынбыз», – делінген хатта.

«Т.И.Батыров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысшылары Мемлекет басшысына алдағы сайлауға өз кандидатурасын ұсыну жөнінде елдің барлық өңіріндегі еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан келіп түсіп жатқан өтініштерге құлақ асуды сұрайды.

«Сізге сенеміз және алдағы Президент сайлауында дауысымызды Сізге береміз. Біздердің отбасыларымыз және жұмыстағы әріптестеріміз бұл сайлауда Президентімізбен бірге болады», – дейді авторлар.

«Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың  алдағы сайлауға қатысуы қажеттілік әрі уақыт талабы екенін атап көрсеткен.

«Барлық жаһандық сынақтардан елдің сәтті өтуі үшін ел мен халық тағдырын ең жоғары құндылық санайтын нақ Сіздей саясаткер қажет. Сізді басшылығыңыз арқылы Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, халықаралық аренада да ғажап табыстарға жетті. Біз өз таңдауымызды жасап қойдық және Сізге бірауыздан дауыс беретін боламыз», – деп жазады авторлар.

Қостанай облысынан хат жазған «Қарасу» СӨК ЖШС ұжымының мүшелері алдағы сайлауға Нұрсұлтан Назарбаев  өз кандидатурасын ұсынса деген тілегін білдірген.

«Біз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын ғана емес, оның болашағын да Сіздің атыңызбен байланыстырамыз», – делінген хатта.

Қарағанды қаласынан «Сантехпром» ЖШС жұмыскерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірген, сондай-ақ сайлауда өз кандидатурасын ұсынуын өтінген.

«Талас Инвест Компани» ЖШС ұжымы бірлескен күш-жігерді «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдыру қажеттігін атай отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтан кандидатурасын ел Президенті лауазымына ұсынуды сұрайды.

«Біз  кәсіпорынымыздың әрі де мемлекетпен және Сізбен, біздің Президентімізбен бірге өскенін қалаймыз. Татулық, келісім, тұрақтылық және Қазақстанның әрі қарай өркендеуі – осының бәрі біз үшін аса қымбат. Бізге қазір таяу жылдары тұрақты жұмыс істейтінімізге сенімді болу маңызды. Мұндай сенімділікті бізге Сіз бересіз», – деп жазады авторлар.

Алматы облысынан «Шаңырақ» ЖШС жұмысшылары ел дамуының түрлі сатыларында оның тұрақтылығын өз шешімдерімен қамтамасыз етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімдері жоғары екенін атап өткен.

«Біз алдағы сайлауда өз кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз. Елінің болашағын ойлайтын кез келген азамат үшін бұл дұрыс шешім болады. Өйткені, еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі, тұтастығы, бейбіт өмірі, ұлтаралық және дінаралық келісімі Сіздің сындарлы саясатыңыздың жемісін болып саналады», – делінген хатта.

Атырау мұнай өңдеу зауытының көпұлтты әрі мыңдаған адамдық ұжымы достық пен бірлік еліміздің ең маңызды табысы екенін атап өткен.

«Сізге шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, президент сайлауына қатысу үшін кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз», – делінген хатта.

Солтүстік Қазақстан облысының Смирново ауылындағы шаруа қожалығының басшысы П.Леонов Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамалары Қазақстан халқын туған елдің игілігі үшін күнделікті еңбекке жігерлендіретінін атап өткен.

«Жеке өзімнің және ұжымымның атынан бұлжымас ұстанымымызды айтқым келеді – Сіз біздің бірден-бір көшбасшысыз. Алдағы сайлауға өз кандидатураңызды ұсынуыңызды сұраймын. Біздің бәріміз, біртұтас Қазақстан халқы, Сіздің кандидатураңызды қолдаймыз», – деп жазады автор.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Днепро» Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ф.Клименко Мемлекет басшысының көшбасшылық қасиеті мен сарқылмас қуатының арқасында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісіне айналғанын атап өткен.

«Мен, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, оның құрылғаннан бергі барлық сессияларының қатысушысы, Сізден өтінемін: кандидатураңызды Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсыныңыз. Халық Сізбен бірге!», – деп жазады автор.

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы И.Ильин өз хатында Қызылорда облысы тұрғындары атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға қатысу туралы өтініш жеткізген.

«Қазіргі кезде тек Сіз ғана біздің елімізді басқарып, барлық сынақтардан алып өте аласыз, – дейді спортшы.

Жамбыл облысынан шыққан әлем чемпиондары  мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары өз хаттарында елімізде экономикамен қатар спорттың дамуына зор көңіл бөлініп, ол лайықты атлеттердің өсуіне мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен.

«Құрметіне еліміздің туы көтеріліп келе жатқан біздің спортшылардың  Олимпиада ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жеңістері – Қазақстанның сенімді қолда екенінің айғағы. Сондықтан бірауыздан Сіздің сайлауға қатысуыңызды өтінеміз», – делінген жеделхатта.

Елдің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдері президенттік сайлау өткізу туралы шешімді қолдайтындарын мәлімдей отырып, республикамыз Елбасының басшылығымен татулық пен тыныштықта өмір сүретінін айтқан.

Елдің түрлі өңірінен өз қалауларын денсаулық сақтау саласының еңбеккерлері де жолдауда. Мәселен, «Талдықорған қаласының қалалық емханасы» МҚК ұжымы Мемлекет басшысының ел дамуына қосқан орасан зор үлесін атай келіп, алдағы сайлауға қатысу жөнінде өтініш білдірген.

«Бүкіл республикамыздың тұрғындары күнделікті өмірде Сіздің көреген саясатыңыздың нәтижесін сезініп келеді. Сіздің басшылығыңызбен ел алда да қарқынды дами беретініне біз сенімдіміз. Қазақстан халқы үшін Сіз  тұрақтылық тірегі және бұдан әрі өркендеудің кепілісіз. Біз Сізге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Сіз жүргізіп отырған саясатқа сенеміз. Қазақстан халқы табыстың жолымен батыл қадам басып, Сізбен бірге алға ілгерілейтін болады», – деп жазыпты авторлар.

Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының өкілдері тек Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғана Қазақстан өз дамуының қарқынын бұдан әрі де батыл үдете беретініне, тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстарды сақтап, еселейтініне, кез келген қауіп пен сын-қатерге лайықты қарсы тұра алатынына сенім білдіреді.

«Сіз біздің бірден-бір кандидатымызсыз, сондықтан біз Сізден алдағы Президент сайлауына қатысуыңызды өтініп, хат жолдап отырмыз. Біз Сізге өз мемлекетіміздің бұдан арғы тағдырын сеніп тапсырамыз», – делініпті хатта.

Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасының ұжымы Президент сайлауын өткізудің экономикалық және саяси қажеттіліктен туындап отырғанын атап өткен. Олар сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаманы қолдағанына ризашылық білдіре келе, оның сайлауға қатысқанын қалайтындарын жеткізген.

Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің еңбеккерлері  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттар қатарынан көргілері келетіндігін айтқан.

«Біз сіз қазақстандықтардың миллиондаған өтінішіне құлақ асып, сайлауға қатысады деп үміттенеміз. Біздің тағдырымыз ортақ, еліміз бір, Президентіміз біреу – ол Сіз.  Біздің болашағымыз бір – ол біздің «Мәңгілік ел». Қазақстан халқы өз жарқын болашағының сайлауына қызу атсалысады деп біз сенеміз», – деп жазады авторлар.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері 2011 жылғы сайлаудың алдындағы кезеңде қойылған барлық мақсаттарға табысты түрде қол жеткізілгенін айрықша атап өткен.

«Біз көпэтникалық халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған Сіздің қызметіңізді әрдайым қолдадық. Президент сайлауын өткізу туралы шешімді толықтай қолдай отырып, Сізден оған қатысуыңызды өтінеміз. Бұл – тағдырымен Сіз өзіңіздің бүкіл өміріңізді байланыстырған барша халықтың қалауы», – деп жазады хат авторлары.

Шымкент қаласындағы білім беру қызметкерлері кәсіподағының мүшелері  де өз хаттарында Мемлекет басшысының атына сайлауға қатысу туралы өтініштерін жолдады. Авторлар сайлау өткізу елдің бұдан әрі дамуын қамтамасыз ете отырып, ауқымды жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірген. 

Орал қаласының А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінің педагогикалық ұжымы президент сайлауын өткізуді қызу қолдап, мемлекет басшысынан оған қатысуды өтінеді.

«Біздің бәріміз үшін Сіз – даналықтың, еңбексүйгіштіктің, Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісіз. Сіздің өміріңіз – жастар өз Отанын сүюді оқып-үйренетін оқулық. Татулық пен келісім жағдайында балаларды оқытып, тәрбиелеуге, Отан игілігіне жұмыс істеуге, ертеңгі күнге сенімді болуға берілген мүмкіндік үшін Сізге алғыс айтамыз. Біздің таңдауымыз – табысты Қазақстан. Біз Сізді қолдаймыз», – делінген жеделхатта.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  профессорлық-оқытушылық құрамы Мемлекет басшысының жағдайдың өрбуін алдын ала көре білетіндігінің, оның беделі мен еңбексүйгіштігінің арқасында еліміз күрделі кезеңнің барлығын табысты еңсергенін айтады. Осыған байланысты авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы президент сайлауына қатысу жөнінде өтініштерін жеткізген.

«Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері де Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды өтініпті.

«Сіз – Қазақстанның мемлекеттілігінің кепілісіз, өзге Ұлт Көшбасшысы бізге керек емес», – деп жазады авторлар.

Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі жаңа жетістіктердің, қарқынды дамудың, елдің бақуаттылығының басты кепіліне айналатынын айтқан.

«Қазақстан халына арналған «Нұрлы жол» жолдауында айтылған міндеттер тек Сіздің басшылығыңызбен ғана жүзеге асырылатынына сенімдіміз», – делінген хатта.

Республиканың студент және жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекет басшысының жас буынға қолдауы мен қамқорлығы Қазақстан болашағымен тікелей байланысты екенін атап өткен.

«Сіздің «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» деген сөзіңіз біз үшін шабыт беретін бағдар қызметін атқарады. Сондықтан да біз Сіздің елді дамыту бағытыңыздың жалғасуын қолдаймыз. Сізден жастардың таңдауын ескеріп, алдағы президент сайлауында Мемлекет басшысы лауазымына ұмтылуыңызды сұраймыз», – делінген хатта.

Белгілі композитор Ә.Желдібаев өз хатында Жамбыл облысының өнер қайраткерлері президент сайлауын өткізу туралы шешімді құптағандарын айтқан.

«Сіздің өскелең ұрпаққа да, аға буынға да қамқорлығыңыз үшін ризамын. Сындарлы саясатыңызды толығымен қолдаймын. Бұл туралы шынайы ниетпен, шын жүректен айта отырып, өнер қайраткерлері атынан Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат ретінде тіркелуіңізді өтінемін», – делінген хатта.

Тараз қаласынан хат жазған жазушы-публицист А.Бекбосын әлемде болып жатқан оқиғалар ішкі және сыртқы саясатта сараланған әрі сындарлы шешімдер қабылдауды қажет ететінін айтады.

«Сәйкесінше, ел үшін аса жауапты осы кезеңде өмірдің өзі және халық мемлекет басында Сіз сияқты тәжірибелі, көптің құрметі мен сеніміне ие тұлғаның тұрғанын талап етеді»,  – деп жазады автор.

Тараз қаласының тұрғыны С.Оспанов отбасының және достарының атынан Мемлекет басшысына алдағы сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды өтінеді.

«Қазақстанның дамуы үшін Сіздің қалай қажымай еңбек ететініңізді біз жақсы білеміз және Сіздің күш-жігеріңізге қолдау білдіреміз», – деп жазыпты авторлар.

Павлодар қаласының тұрғыны К.Лаубаев Мемлекет басшысына Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше өлең жолдары арқылы алғыс айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылатынына сенімін білдірген.

Алматы облысының Кеген ауылынан С.Оразаев елдің орнықты дамуын, бірлікті қамтамасыз ету жолындағы жұмысты жалғастыру үшін Мемлекет басшысының сайлауға қатысып, жаңа сенім мандатына ие болуы қажеттігі туралы пікір білдіреді.

Теміртау қаласының тұрғыны В.С.Хомякова Қазақстан халқының бақуатты өмірін қамтамасыз ету жолында жұмсап келе жатқан Президенттің күш-жігері үшін ризашылығын білдіріп, оның алдағы президент сайлауына қатысуын өтінген. 

Н.Қаби өз кезегінде жеке өзінің және тума-туыстары мен жақындарының атынан Мемлекет басшысын сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға шақырады.

«Бүгінде біз елімізді Сіз сияқты асқан жауаптылықпен, патриоттықпен бақылап отыра алатын жандарды көре алмай тұрмыз! Сіздің 24 жылдық жұмысыңыз барысында еліміз өте көп нәрсеге қол жеткізді. Сізден сайлауға қатысуды өтінемін, өйткені елге Сіз керексіз», – деп жазады автор.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты хаттар легі толассыз жалғасуда.




Яндекс.Метрика