Адами капитал

Ақмолалық оқушылар Ғарыш байланысы республикалық орталығын аралады

Ақмола облысы Астрахань ауданының оқушылары «Ақкөл» ғарыш аппараты басқармасының жер бетіндегі кешенін аралады, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола02 Наурыз , 20:23

«Ғарыш байланысы республикалық орталығын Астрахань ауданынан келген дарынды оқушылар аралады, олар облыстағы пәндер бойынша олимпиаданың жүлдегерлері мен қатысушылары, спорттық жарыстардың жас жеңімпаздары», - делінген хабарламада.

Кешеннің мамандары оқушыларды «KazSat» сериясы бойынша шыққан жерсеріктерін басқару жұмысымен таныстырды.

Бұдан басқа, кешеннің аумағында оқушылар ҚР ИДМ аэроғарыш комитетінің төрағасымен, Премьер-Министрдің авиация және ғарыш бойынша кеңесшісі, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевпен және Сидней Олимпиадасының чемпионы, Мәжіліс депутаты Ольга Шишигинамен кездесті. 




Яндекс.Метрика