Халықаралық интеграция

В.Плоештский: Қазақстанда түрлі ұлттар мен діндер өкілдерінің өзара бейбіт күн кешуі үлгі аларлықтай

Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев Румын Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының Хатшысы, Патриархтық Викарий, Плоешттық Варлаам Епископымен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде02 Наурыз , 19:45

«Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Даниил Патриархына жолдаған 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезіне шақыру хатын тапсырды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломат Патриархтық Викарийді Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісім моделімен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол» Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, Астанада бұрын өткізілген Съездердің нәтижелерін баяндап, алдағы V Съездің бағдарламасы мен мазмұндық аспектілерін атап өтті.

Плоешттық Варлаам Президент Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық сахынадағы бейбіт бастамаларына, соның ішінде ядролық қарудан өз еркімен бас тарту, жаһандық бейбітшілік пен жасампаз дамуды сүйемелдеу жөнінде басты конфессиялар ұстанымдарын өзара жақындату бойынша бастамаларына жоғары баға берді. Қазақстан түрлі ұлттар мен діндер өкілдерінің өзара бейбіт тіршілігі үлгі аларлық екенін ерекше атап өтті.

Қазақстанға бару ықыласын білдіріп, Патриархтық Викарий, Плоешттық Варлаам Епископы Румын Православие Шіркеуі басшылығының V Съезд жұмысында жоғарғы деңгейде қатысуын растады.

 




Яндекс.Метрика