Адами капитал

Елордада Дүниежүзілік азаматтық Қорғаныс күніне орай айлықтың ашылуы өтті (Фото)

Астаналық ТЖД-де Дүниежүзілік азаматтық Қорғаныс күніне орайластырылған айлықтың ашылуы өтті, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 02 Наурыз, 19:29

Іс-шара барысында қонақтар астаналық құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің мұражайымен, астаналық гарнизонның тарихымен танысты. Сондай-ақ Азаматтық қорғаныс Басқармасының қызметкерлері жыл сайын наурыздың 1-і күні атап өтілетін аталмыш күннің маңызыдылығына да тоқтала кетті.

Бұдан бөлек, астаналық оқушылар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің заманауй техникасымен танысты. Бұл жерде адамдарды құтқару мен түрлі өрттерді сөндіру үшін сан түрлі техника барына көз жеткізді. Экскурсия барысында әр оқушы білуі тиіс негізгі қауіпсіздік шарттары жайында айтылды. Сонымен қатар, оқушылар қауіпсіздік жайында және азаматтық қорғаныстың маңыздылығы жайында арнайы бейне роликтерді көрді.

Еске сала кетейік, жыл сайын наурыздың 1-і күні Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні атап өтіледі. Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні – халықаралық азаматтық қорғау ұйымының (ХАҚҰ) шешімімен 1992 жылы жарияланды. 1972 жылдың 1 наурыз күні ХАҚҰ жарғысы күшіне еніп, оны 18 мемлекет қолдады. Бүгінгі таңда  бұл мейрам қоғам назарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ұлттық қызметтер атқаратын маңызды міндеттерге жұмылдыруға бағытталған.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика