Үкімет

1 шілдеге дейін ҚР Жер Кодексіне тұрғын үйлердің құрылысына жер учаскелерін берудің ережелері енгізіледі

1 шілдеге дейін ҚР Жер Кодексіне тұрғын үйлердің құрылысына жер учаскелерін берудің ережелері енгізіледі, деді ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қоғамдық отырысында.
Астана қаласы02 Наурыз , 16:38

«1 шілдеге дейін ҚР Жер Кодексіне тұрғын үйлердің құрылысына жер учаскелерін  берудің  ережелері енгізіледі. Ол бойынша  инфрақұрылым мен коммуникация жұмыстары жүргізілмеген үйлерге жер учаскесі берілмейді.Тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған, тіркелген тұлғаларға ғана беріледі», - деді Д.Назарбаева.

Сондай-ақ, ол кезекте тұрғандарды барынша қамту мен арендалық төлемдерді қысқарту мақсатында пәтерлер рационалды алаңдардарда тұрғандарға  беріледі.

«Типтік жобалар әзірленді, олар тұрғын үйлердің құрылысы мен кезекте тұрғандардың мүмкіндіктерін ескере отырып,  әр түрлі бөлмелі пәтерлердің топтамасында қолданылады», - деді ол.

Д.Назарбаева атап өткендей, Үкімет бағдарламаға өзгерістер енгізді, қолғабыс ретінде олар 29-ға дейінгі жасты 35 жасқа дейін ұзартты. Енді 35 жасқа  дейінгі жас отбасылар жалдамалық үй бағдарламасына қатысуға  өтініш бере алады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика