Парламент

Сенатта 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер қаралды

Қаржы және бюджет бойынша комитеттің отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенат.
Астана қаласы02 Наурыз , 17:38

Жалпы, Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық нақтыланған болжамы 2014 жылғы экономика салалары дамуының алдын-ала деректерін және негізгі экспорттық тауарлардың бағалары бойынша әлемдік тауар нарықтарындағы ағымды ахуалын ескере отырып қалыптастырылды.

«ЖІӨ өсуі 2015 жылы 1,5% деңгейінде бағаланды, бұл қарашадағы нақтылаудан 3,3 п.т. төмен. Осыны негізге ала отырып, 2015 жылы номиналды ЖІӨ 41 307,6 млрд. теңге көлемінде болжануда, бұл 2019 жылға қарай 59 869,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюмен бірге қарашада нақтыланған көрсеткішке қатысты 2 413,7 млрд. теңгеге төмен», - делінген хабарламада.

Осы ретте, жағымды өсу көрсеткіштері ауыл шаруашылығында (2,7%), құрылыс (2,0%), көлік (3,5%), сауда (2,8%),  ақпарат пен байланыс (3,0%) салаларында байқалды.

Республикалық бюджетке түсім 2015 жылы 5 988,0 млрд теңге көлемінде белгіленді, яғни бұған дейін бекітілген бюджеттен (6 858,0 млрд теңге)  870,0 млрд теңгеге төмендеді.

2015 жылғы республикалық бюджеттің шығыны 7 244,5 млрд теңгені құрайды, яғни бұған дейін бекітілген көлемнен 610,7 млрд теңгеге аз.




Яндекс.Метрика