Парламент

Сенат комитетінде заң жобалары қаралды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы02 Наурыз , 17:57

Хаттамаға 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында қол қойылды. Құжатқа сәйкес 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылу мерзімі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, егер осы Келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі өткенге дейін кемінде 6 ай бұрын Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын өзінің тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады, деп хабарлады Сенат.

Комитет «Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.

1999 жылғы 28 мамырда Монеральда жасалған Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияның мақсаты азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық стандарттарын енгізу болып табылады.

Монреаль конвенциясы халықаралық авиатасымалдарда жолаушыларды қорғау дәрежесін жоғарылатады және жолаушылардың мүдделерін тасымалдаушылардың мүдделерінен жоғары қояды. Сондай-ақ бұл конвенция жүкті жоғалтқан кезде өтемақылар мөлшерін айтарлықтай ұлғайтады және рейс өзгертілген немесе кідіртілген жағдайда өтемақылар енгізеді, бұл Варшава конвенциясында көзделмеген.

Монреаль конвенциясының ратификацияланбауы қазақстандық авиатасымалдаушыларға Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы аясында іске асырылатын әртүрлі жобаларға қатысуға кедергі болады. Оның қабылдануы авиатасымалдаушылардың жауапкершілігін жоғарылатуға ықпал ететін болады және осы саладағы қазақстандық заңнаманы батыс елдерінің заңнамасымен үйлестіреді.

Екі заң жобасы да Палатаның қарауына жіберілді.




Яндекс.Метрика