«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстанда 2015 жылдың 20 наурызынан 1-ші сәуіріне дейін 1357 пәтер үлестіріледі

Қазақстанда 2015 жылдың 20 наурызынан 1-ші сәуіріне дейін Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Семей қалаларында 1357 пәтер үлестіріледі, деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қоғамдық кеңесінде.
Астана қаласы02 Наурыз , 15:50

«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компаниясы «ҚИК» АҚ құрылысты қаржыландыру бойынша  салушылармен келісімге отырды. Бүгінгі таңда холдинг дайын баспанаға ие болды, ол 2015 жылдың наурыз айында кезекте тұрғандарға беріледі.

«Бүгінгі таңда «Бәйтерек» холдингі аталмыш пәтерлер бойынша келісім орнатып, оларды жергілікті атқарушы органдарға жіберді. Бұл орайда әкімдіктер қорытынды тізімді қадағалауға алуы тиіс. 20 наурыздан 1 сәуірге дейін біз пәтерлерді үлестіруі керекпіз», - деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаев атап өткендей, Астана қаласында 7 583 шаршы метрлік 86 пәтер, Алматыда – 43,5 мың шаршы метрлік 86 пәтер, Қостанайда – 749 мың шаршы метрлік 11 пәтер, Көкшетауда – 19,5 мың шаршы метрлік 337 пәтер, Семейде  - 5 215 шаршы метрлік 120 пәтер 2015 жылдың сәуір айына дейін үлестіріледі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары атап өткендей, баспананы сатып алу тәртібі бойынша 33 шаршы метрлік  1 бөлмелі пәтерді алу үшін  20 жыл ішінде ай сайынғы төлем 34 мың теңгені құрайды. 45 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер 46 мың теңгені құрайды. 62 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтер 63 мың теңгені құрайды.

«Егер де пәтер 10 жылда жалдамалы болып, сатып алынбаса 20 шаршы метрлік 1 бөлмелі пәтер 10 мың теңгені құрайды. 30 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтер 15 мың теңге, 3 бөлмелі пәтер 23 мың теңгені құрайды», - деді ол.

Индира Қауметова 

 

 




Яндекс.Метрика