«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2015 жылы Қазақстанда 78 млрд теңгеге 9800 пәтер салынады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы Қазақстанда әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлерді салу және алу үшін Қазақстанда 78 млрд теңгеге 9800-ге жуық пәтер салынады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында.
Астана қаласы02 Наурыз , 15:39

«Ағымдағы жылы 78,7 млрд теңгеге жалпы көлемі 487 мың шаршы метр болатын 9740 пәтер салынады», - деп мәімдеді Б. Сағынтаев.

Осы ретте, әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді салу және алу бағдарламасы аясында жалпы көлемі  1,5 млн шаршы метр болатын 29 мың пәтерді  пайдалануға беру көзделуде.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол  болашаққа бастар жол» Жолдауында сөз болған тұрғын үй сату шарттарымен толықтырылған болатын. 

Сонымен, жеңілдіктер бойынша әлеуметтік жалға берілетін үйлерді ұсыну үшін Ұлттық қордан 180 млрд теңге, «Бәйтерек» холдингісінен 145 млрд теңге және жергілікті атқарушы органдардан  35 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2015 жылы 92,5 млрд теңге, 2016 жылы 52,5 млрд теңге бөлінеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика