Мәдениетті жаңғырту

Шымкентте бейнелеу өнері мұражайында тұңғыш көрме өтті

Шымкенттегі «Бейнелеу өнері» мұражайында құнды туындылардың тұңғыш көрмесі ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан02 Наурыз , 18:12

Мұражайдағы әр бөлме ерекше талғаммен безендірілген. Мұнда фото, живопись, графика және қолданбалы өнер бағыттарындағы шығармалардың қолайлы насихатталуына жағдай жасалған. Алғаш ұйымдастырылып отырған көрме үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. «Достық» суреттері сыр шертіп тұрған көрмеде түрлі ұлт өкілдері қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, бірлік пен, ынтымақ, тұтастық идеясына топтасқан картиналар көпшілік назарына ұсынылды.

Екінші бағыттағы көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. «Аманат» бөлмесінде тарихи туындылар, батырлар мен жыраулар бейнелері, көшпенді елдің тұрмыс-тіршілігі суреттелген шығармалар қойылған. Ал, көрменің үшінші бөлігіне құнды жәдігерлер топтастырылған. Яғни, осы уақытқа дейін еш жерде жарық көрмей қорда жатқан түпнұсқа картиналар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды.

Одан бөлек еліміз бен өңірімізге танымал М.Бараисов, Г.Пономаренко, О.Скородин, П.Природин, М.Қалдыбаев, А.Тұрсынов, Т.Тоғысбаев, және т.б. сынды ХХ-ХХІ ғасырлардағы қылқалам шеберлерінің шығармалары қамтылған. 




Яндекс.Метрика