Өңірлер

«Астана-Щучинск» автожолымен жүрудің ақысын «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Astana-Plat» ЖШС бірлесіп ақылы жолға төлемнің осындай қолайлы әдісін енгізді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі.
Ақмола02 Наурыз , 18:58

Ол үшін «Касса 24» терминалына көлігіңіздің мемлекеттік нөмірін енгізіп, оған қажетті соманы салып қоясыз. Астанадан шыға берістегі және Щучинск қаласының жанындағы ақы төлеу бекеттеріне жақындағанда, ондағы камералар көліктің нөмірі арқылы, ақы төленгенін бірден анықтайды, сөйтіп, тоқтаусыз өтуді қамтамасыз етеді.

Бұл жаңалық ақы төлеу бекеттерінде көліктердің кезегін азайтады, жүргізушінің де уақытын алмайды.

 

 




Яндекс.Метрика