Өңірлер

Ақтөбе облысында 123 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады.
Ақтөбе02 Наурыз , 18:41

2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады немесе өндірісінің нақты көлем индексі – 101,9%, оның ішінде өсімдік шарушылығы 98,8%, мал шаруашылығы - 103,7% құрады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Есепті кезеңде облыстың аграрлық секторына 10,1 млрд.теңге бағытталды. Оның ішінде 5,9 млрд.теңге көлемінде субсидия бөлінді және алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0 есеге артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 827,7 млн.теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 4458,3 млн.тенге субсидия берілді.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің бірі –инвестициялық субсидиялау. 2014 жылы республикалық бюджеттен 49 шаруашылыққа 387,8 млн.теңге төленді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының тағы бір бағыты – несиелік жүктемелер және банкроттыққа ұшырау қаупін азайту мақсатында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру. Өткен жылы 25 агроөнеркәсіп кешені субъектілері 7,4 млрд.теңгеге сауықтырылды.

Егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жүзеге асырылуда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бидайдың үлесі барлық дақылдар құрылымында 2011 жылы 71%-дан 2014 жылы 55,5% азайтылды. Есесіне мал азығы дақылдары 75,5 мың гектардан 136,0 мың гектарға немесе 1,8 есеге артты.

Ылғал қорын сақтау технологиясымен астық өсіру 241,7 мың гектарға және тамшылатып суару технологиясы 59 гектарға енгізілді.

Мал шаруашылығында ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, оның ішінде 6000 басқа арналған 2 мал бордақылау алаңдары іске қосылды. Бүгінгі күні облыста 17 000 бас малға арналған бордақылау алаңдары жұмыс жасауда, жүктемелілігі 75% құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2014 жылдары 410 фермерлік шаруашылықтар 2,0 млрд.теңгеден астам сомаға 14,5 мың бас ірі қара малын, сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 2,6 мың бас қой және «Құлан» бағдарламасымен 320 бас жылқы сатып алды.

Фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында 44,0 мың бас ірі қара мен 125,0 мың бас қойдың аналықтарының тұқымының сапасын жақсарту шаралары алынған.

2014 жылы «Ырыс» бағдарламасымен 2 тауарлы-сүт фермасы құрылды, ал ағымдағы жылы «Айс» ЖШС-і өз өндірісін кеңейту мақсатында қосымша 1600 бас ірі қара мал алуды жоспарлауда.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша шалғай жайылымдықтарды суландыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама бойынша ұңғыма құдық құрылысын инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы шаруа қожалықтарының 80 пайыз шығынын өтеу қарастырылған. Сонымен қатар 120 баламалы энергия көздері мен жел генераторлары сатып алынып, лизингке берілді

 




Яндекс.Метрика