Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Астанада әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тұжырымдамасы талқыланды

Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту вице-министрі Салидат Қайырбекованың төрағалығымен Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе отырырып денсаулық сақтау мәселесіне қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Астана қаласы02 Наурыз , 14:33

ДСДРО баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатысушылар Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды (ӘМС) енгізу тұжырымдамасын талқылады. Болжам бойынша, егер оны жүзеге асыратын болса дәрігерлердің жалақысы үш есе артады. Медицина қызметкерінің еңбекақысын төлеу оның көрсеткен қызметінің сапасына байланысты болмақ.  Басымдылық науқастың қажеттілігіне берілген  сапалы күтім және қауіпсіздік.

Бұдан басқа, ӘМС халықтың емдік дәрі-дәрмектермен барынша кең ауқымда қамтамасыз етілуін көздейді.

Салалық министрліктің, ДСДРО мен Дүниежүзілік банктың  сарапшылары қажетті есептеулерді жүргізуде, ӘМС жасақтау механизмі мен халықты медицинаның сақтандыру үлгісіне көшіруге дайындауда.  

Естеріңізге сала кетейік, ДСӘДМ 2017 жылдан бастап ӘМС кезең-кезеңімен енгізуді көздеуде. Алайда ДСДРО сарапшылары оны халықаралық сарапшылармен бірлесіп барлық деңгейде талқылауда.

ӘМС негізгі принциптері: жауапкершілік, емделушінің қауіпсіздігі мен сапалы күтім, медициналық сақтандырудың қызметіне бірдей қолжетімділік, алғашқы медициналық санитарлық қызметті дамыту, халықтың мүддесіне бейімделу.

 




Яндекс.Метрика