Білім беру

2015 жылы «Болашақ» бағдарламасында шет және мемлекеттік тілдерге талап күшейді (ФОТО)

2015 жылы «Болашақ» бағдарламасында шет және мемлекеттік тілдерге талап күшейді, деді ОКҚ брифингінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Президенті Ғани Қасымов.
Астана қаласы 02 Наурыз, 14:15

Ағымдағы жылы «Болашақ» бағдарламасы сапалы көрсеткіштерге басымдылық жасауда.

«Шәкіртақы санына қарағанда  оның сапасына назар аударылады. Демек, сапаға көп көңіл бөлінеді. Осы орайда шет және мемлекеттік тілге деген талап күшейді. IELTS 3-тен 4 дәрежеге көтерілді, қазақ тілі бойынша дәл осындай талап», - деді Ғ.Нығыметов.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқан 21 жыл ішінде оқуын бітіріп Қазақстанға 7737 түлек келді.

«Оның ішінде 2306 бакалавр, 3571 магистрант, 172 маман, 80 доктор, 134 интернатура мен аспирантура түлегі, 1411 стажер», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 





Яндекс.Метрика