«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» аясында «Болашақ» бағдарламасы мамандықтар тізімін кеңейтті

«Нұрлы жол» аясында «Болашақ» бағдарламасы мамандықтар тізімін кеңейтті, деді ОКҚ брифингінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Қасымов.
Астана қаласы02 Наурыз , 14:01

«Басымдықта индустриялды-инновациялық даму саласы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары саласында кадр дайындау тұр. «Нұрлы жол» аясында «Болашақ» бағдарламасы мамандықтар тізімін кеңейтті», - деді Ғ.Нығыметов.

Оның айтуынша, бағдарлама 343 мамандық пен техникалық мамандықтың негізгі үлесін қамтиды.

«141 техникалық, 79 медициналық, сондай-ақ, жаңа мамандықтар – аэроғарыштық мамандық, талдамалы химия, агрономия, өндіріс технологиясы мен  ауыл шаруашлығы өнімін өңдеу, токсикология», - деді Ғ.Нығыметов.

Айта кетерлігі, жалпы 1994-2014 жылдары 11 126 шәкіртақы белгіленді. Бүгінгі таңда Президенттің халықаралық стипендиясы бойынша 25 елде 1823 стипендиат білім алуда.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика