Адами капитал

Қазақстанда мемқызметкерлердің жалақысы мен асыраушысынан айырылған мүгедектердің жәрдемақысы көбейеді

Бюджеттік қаржыны оңтайландыру аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемқызметкерлердің жалақысы мен асыраушысынан айырылған мүгедектердің жәрдемақысы көбейеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо.
Астана қаласы02 Наурыз , 13:22

Азаматтық қызметкерлер мен Б корпусындағы мемқызметкерлердің еңбекақысын төлеу дәрежесін көтеру моделін енгізу, асыраушысынан айырылған мүгедектердің жәрдемақысын көбейту шарасы 2015 жылдың шілдесінен 2016 жылға шегерілді.

«Аталмыш шаралар жарты жылға шегерілді, өсу 2016 жылдың 1 қаңтарынан болады деп күтілуде», - деді С.Ферхо.

Депутат атап өткендей, әлеуметтік-еңбек саласын дамыту аясында халықтың жағдайын жақсарту жалғасуда. « Бюджетте 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға ұлғаю байқалады, мәселен, 2 топтағы мүгедектер 22 мың 163 теңге, 2015 жылы 23 715 теңге алатын болады», - деді ол.

Ферхо атап өткендей, 2015 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, халықтың саны 1 млн 900 мың адамды құрады.

«Зейнетақы төлемдерін ұлғайту бюджетте 10 мың 450 теңгені, 2015 жылы 11 082 теңгені құрады. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған мүгедектер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға көтерілді», - деді ол. 

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика