Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтөбе облысында 2014 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 15 млрд теңге жұмсалды

Ақтөбе облысында 2014 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 15,9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық маңызы бар трассалармен қатар облыстың автокөлік жолдарын жөндеу, қайта құру және күтіп ұстау жұмыстары да бар.
Ақтөбе02 Наурыз , 15:04

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, бүгінгі таңда, жалпы ұзындығы 684 шақырымды құрайтын «Самара-Шымкент» (БҚО шекарасынан Қызылорда шекарасына дейін) трассасын қайта жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталды.Өз кезегінде, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, ауылдық елді- мекендер мен Ақтөбе қаласы көшелерінің көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,6 млрд. теңге бөлінген.

Рельс-арқалық зауыты маңында жол өтпесінің құрылысы аяқталды, «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты» автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті және «Ақтөбе қаласын оңтүстік айналма жолын» қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.Хромтау моноқаласында ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 18 көше қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 318,0 млн. теңге бөлінген, 2015 жылы осы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.

Мұғалжар ауданында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында ұзындығы 5,2 шақырым құрайтын 2 көше жөнделді.

Облыс орталығының жол желісін дамытуға айрықша назар аударылып отыр.2014 жылы Ақтөбе қаласында 20 көшеде жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

 




Яндекс.Метрика