Адами капитал

Оқу-жаттықтыру сабақтары аясында әскери бөлім жауынгерлік әзірлікке келтірілді (Фото)

ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлерінің 68665 әскери бөлімі 36 десанттық-шабуыл бригадасында шартты түрде жауынгерлік дабыл жарияланды.
Казахстан 02 Наурыз, 20:42

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, әскери қызметшілерге техника мен жеке құрамды шартты орынға жедел жеткізу тапсырмасы берілді. Көзделген жерге жеткен соң барлық элементтері қамтылған, әскери қызметшілерді қызметке қажетті жағдайлармен: басқару пунктімен, медициналық пунктпен, далалық асханамен және басқа да нысандармен қамтамасыз ету үшін далалық лагерді өрістету талап етілді.

 Әдетте осындай оқу-жаттығуларды өткізу кезінде әскери бөлім дабыл бойынша жауынгерлік әзірлікке келтіріледі. Бұл іс-қимылдарға қолда бар әскери техника мен қару-жарақ тартылады. Әрбір жауынгерге белгілі бір міндеттер қойылып, жалпы мақсатқа жету жолындағы іс-қимылдары айқындалады.

 Бұл ретте 68665 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы үйлескен жұмыс пен өзара іс-қимыл көрсетіп, осынысымен қойылған міндетті мүлтіксіз орындап шықты. Жылына бірнеше рет осындай шартты жауынгерлік дабылдар өткізу басшылық құрам мен жеке құрамның даярлығын нығайтып, әскери мамандардың біліктілігін тексереді.  

 





Яндекс.Метрика