Өңірлер

Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Қазақстанда жасалған» акциясына қолдау көрсетілді

Ақмола облысының Сандықтау ауданында Президент жариялаған «Қазақстанда жасалынған» акциясына қолдау көрсетілді. Аудандағы дүкендердің сөрелерінде сатып алушыларды патриот болуға және отандық өнімді алуға шақыратын «Қазақстандық өндірістің тауарын сатып ал» жазбалары пайда болды, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола02 Наурыз , 15:21

Аталып өткендей, ауданда қазақстандық тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Олардың ішінде жартылай фабрикаттарды өндіретін цех «Омарова» ЖК бар. Ол 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бастапқыда ол тұшпара мен варениктер жасауға арнайы жасақталған кішігірім нысан болатын. Өткен жылы Омаровтар отбасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында несие алып, өндірісті кеңейтті.

«Жақында ғана мұнда жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа кең бөлмелер, жұмысшылар үшін асхана мен жуыну бөлмесі, жаңа құрал жабдықтар сатып алынды. Бұдан басқа, кәсіпорынның өнім түрлері де артты. Жалпы, кәсіпкер шикізатты жергілікті азаматтардан сатып алады, кейін ол зертханалық зерттеуден өтеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, цех үшін өнімдерді тасымалдайтын арнайы көлік сатып алынды. Бүгінде кәсіпорынның өнімін тек аудандағы дүкендерден ғана емес, Атбасар, Есіл, Көкшетау қалаларында да сатып алуға болады.

Болашақта кәсіпорынды тағы бір кеңейту жоспарлануда. Бұл жаңа жұмыс орындары ашылады дегенді білдіреді.




Яндекс.Метрика