Инвестициялар

Қазақстанда 2010 жылдан бері отандық құс фабрикалары өндірісінің өсу қарқыны 136,4 пайызды құрады

2010 жылдан бері Қазақстанның құс шаруашылығы саласында отандық құс фабрикалары өндірісінің өсу қарқыны 136,4 пайызды құрады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Казахстан02 Наурыз , 12:54

Ақпаратқа  сәйкес 2010 жылы елімізде ет бағытындағы 12 құс фабрикасы болған, қазіргі уақытта 19 фабрика жұмыс істеуде. Бүгінгі күні құс шаруашылығы Қазақстанда мал шаруашылығындағы ең дамығын салалардың бірі болып табылады.

Саланың дамуы туралы құс өсірушілер Одағының басшысы өз пікірін Алматы облысындағы ет бағытындағы «Сары-Бұлақ» ЖШС жаңа құс фабрикасында республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған кездесу барысында айтты. Алғашқы кезеңдегі жобаның жалпы құны 7,4 млрд.теңгені құраған кәсіпорын «ҚазАгро» арқылы қаржыландырылған. Компанияның құс фабрикаларында бүгінгі күні 550 адам жұмыспен қамтылған, сонымен қатар кәсіпорын өндіріске түрлі жем түрлерін жеткізетін /бидай, соя, күнбағыс және т.б/ 60-тан астам фермерлік шаруашылықтарды жұмыспен қамтиды.

2015 жылдың басындағы мәліметтер бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында 309,1 млрд.теңге сомасына 477 инвестициялық жоба бар. Оның 221,4 млрд.теңге сомасына 365 жоба іске қосылды, соның ішінде 2014 жылы – 73 инвестициялық жоба. Холдингтің ақпаратына сәйкес 2015 жылы 50 млрд.теңге сомасын құрайтын 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. 

 

 




Яндекс.Метрика