«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында арнайы зертханаларды ашуға 10 млрд теңге бөлінеді - БҒМ

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жақын жылдары арнайы зертханаларды ашуға 10 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев ОКҚ-да.
Астана қаласы02 Наурыз , 11:32

«Бүгінгі таңда шетелдік серіктес оқу орындары және жұмыс берушілермен келісе отырып әлемдік үздік стандарттармен жабдықталған жаңа зертханалар тізімі анықталды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жақын жылдары арнайы зертханаларды ашуға 10 млрд теңге бөлінеді», - деп мәлімдеді вице-министр.

Осы ретте, ол атап өткендей, аталмыш зертханалар әлемдік деңгейде қазақстандық университеттердің жаңа оқу бағдарламасы үшін арнайы жасақталады. Сонымен қатар, Т. Балықбаевтың айтуынша, зертханалар  металлургия, инженерлік профильдегі, мұнайхимия, тамақ өндірісі, машинақұрылысы және өзгеде салалардан болады.

Бұдан басқа, БҒМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылы Ұлттық қор мен республикалық бюджет есебінен оқу орындар негізінде 24 жаңа зертхананы ашуға 3 млрд теңге бөлінді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика