ҚР ИИДМБ

ИИДМБ жүзеге асыру аясында 2015 жылы салалық магистратураға студенттерді қабылдау басталды

Ағымдағы қыркүйек айында 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша салалық магистратурада мамандарды даярлау басталады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев ОКҚ-да хабарлады.
Астана қаласы02 Наурыз , 10:59

«Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында мамандарды даярлау және материалдық базаны нығайту үшін қаржы бөлуді тапсырды. Біз осы міндетті жүзеге асыру жолында жұмыс істеудеміз. Бүгінде жоғарғы оқу орындары мен колледждер белгіленіп алынды, сондай-ақ  арнайы оқу бағдарламасы жасақталуда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ИИДМБ аясында жаңа білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді магистратураға қабылдауды бастаймыз», - деп мәлімдеді Т. Балықбаев.

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей,  ағымдағы жылы 1900 орын бөлінеді, ал келер жылдары орын саны 2500-3000 мыңға дейін жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі Елбасының «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында қойған ИИДМБ аясында мамандарды даярлау және 10 оқу орны негізінде біліммен экономиканың байланысын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруда.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика