Адами капитал

Қазақстан курсанттары тұңғыш рет ТМД елдеріндегі әскери-ғылыми жұмыстардың халықаралық сайысына қатысады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу кезеңіне тұспа-тұс келген бұл сайыс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен өткізіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 02 Наурыз, 12:09

Әуе қорғанысы күштері әскери институты 1-курсының курсанты Т.А.Қалиннің штурман Хиуаз Доспанова туралы, 3 курс курсанты Н.Н. Шембердиевтің ақпараттық күрес және Н.К. Алекула мен Б.Н. Аққошқаровтың, Екінші Дүниежүзілік соғыстың ұшқыштары туралы жұмыстары ұсынылды.

 Конкурстың басты мақсаты – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көп-жақты өзара ынтымақтастығын әрі қарай дамыту, тарихи және мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту негізінде достас армиялар әскери қызметшілерін тәрбиелеу және біріктірудегі офицер кадрларын даярлау сапасын арттыру факторы ретінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштеріндегі әскери-ғылыми жұмыстарды жандандыру.

Әр жұмыс тарихи тұрғыда әскери іс-қимылдың: әскери қызметті талдауын, жеке тұлғалар ерліктерінің құндылықтары және олардың соғысушы мемлекеттердің ақпараттық-психологиялық күрестің барлық қиындығына қарамастан заманауи саяси дағдарыс үрдісімен Ұлы Жеңіске қосқан үлесіндегі өз бағытын айқындайды.

 Курсанттардың ғылыми жұмыстары офицер кадрлардың даярлық сапасын арттыруға, шығармашылық ой-өрісін, әскери қызмет барысында өз беттерінше ғылыми зерттеулерді жүргізуде негізгі дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Курсанттардың ғылыми жұмыстары Қазақстанда, ҚР Қарулы Күштерінде және әлем кеңістігінде болып жатқан белсенді қоғамдық-саяси үдерістерді байланыстыратын ерекше көзқарас болып табылады. Атап айтсақ курсанттар жүргізетін жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстары ӘҚК ӘИ гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушылары қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. 
 





Яндекс.Метрика