Ұлттың денсаулығы

Елорданың 3 мың тұрғыны «Бұрқасын-2015» шаңғы мерекесіне қатысты (Фото)

Астанада Есіл өзеніндегі қалалық саябақта жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтті, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы 02 Наурыз, 12:39

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға 3000 астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының  және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ, қала қонақтары қатысты.

 «Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Осы қала әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен шаңғы тебу ұйымдастырылды. Өте тамаша. Жарысқа үш мыңға жуық адам қатысты. Өзім де қатыстым. Зейнеткерлер де, жастар да бар екен», - деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Абай Тасболатов.

«Бұрқасын-2015» - бұл отбасылық және корпоративтік демалыстың үздік түрлерінің бірі. Дәстүрге айналған бұқаралық спорт мерекесі биыл 13-ші рет өткізіледі.

Жарыс бағдарламасына ерлер, әйелдер, жігіттер, қыздар, балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар енген. Дәстүрлі шаңғы жарысының жеңімпаздары естелік жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

 





Яндекс.Метрика