Адами капитал

Ақтауда ҰОС Жеңісі күніне қаланы безендіру жұмыстарына 2,1 млн теңге қарастырылған

Жеңіс күніне Ақтау қаласын безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,1 млн. теңге қарастырылған, деп хабарлады қала әкімдігі.
Маңғыстау02 Наурыз , 16:27

70 жылдыққа арналып арнайы «Ардагерлерге көмек» жастардың әлеуметтік көмек командасы жасақталып жатқанын, бұл жастар көмек қажет ететін ардагерлердің үй шаруасында қолғабыс жасайтындығын айтты. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен ел азаматтарын келер ұрпаққа кеңінен насихаттап, үлгі ету және олардың аттарын мәңгіге қалдыру мақсатында батырлардың атына әлеуметтік нысандар беру, олар туралы ғылыми мақалалар жазу, кітаптар шығару, деректі фильмдер түсіру жоспары қаралып отырғанғанын атап өтті.

 «Жеңіс күнінің қарсаңында (наурыз-сәуір айларында) ардагерлерімізге Республикалық бюджеттен 100 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (198 200 тг.) қаржылай көмектер көрсетілетін болады», - делінген хабарламада.

Жеңіс күніне қаланы безендіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен  2,1 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаржыға қаланы Жеңіс тақырыбында безендіруден бөлек, Маңғыстаулық батырлар мен қазіргі көзі тірі ардагерлердің суреттерін қала көшелеріне, LED экрандар мен таблоларға орналастыру,  мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «Қазақстан-Ақтау» телеарнасымен бірге жыл аяғына дейін жалғасатын соғыс ардагерлері туралы арнайы бағдарламалар сериясын дайындау жоспарланған.




Яндекс.Метрика