Адами капитал

Қазақстанда Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні аталып өтті

Азаматтық Қорғаныстың Халықаралық Ұйымы Бас Ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні болып аталып өтілуде, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Нұр-Сұлтан02 Наурыз , 10:23

«Бұл күннің тарихы 1931 жылы Женевск аймағының ассоциациясы деп аталатын, яғни әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдер қатарына қол қоюмен басталады.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде әр түрлі мемлекеттің координациясына, тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше қызметерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады», - делінген хабарламада.

1997 жылғы қазан айында Қазақстан елінің Президенті Н.А.Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Азаматтық Қорғаныс Халықаралық Ұйымы жарлығына бірігу туралы» (АҚХҰ) Заңы қолданысқа енгізілді. Біздің еліміз қызметтің негізгі бағыты арасындағы әр түрлі мемлекеттердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою және алдын алу саласындағы үкіметтік органдардың үйлестіруінің жігерін күшейту және халықаралық ұйымның беделді толық құқықты мүшесі болды.     

Жеке құрамның әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлар әрекеттеріне дайындығы мен машықтанған дағдысын тексерудің негізгі түрі оқу-жаттығуларды өткізу болып табылады.

Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күні нақты ұранмен аталып өтіледі. Ағымдағы жылы тақырыбы: «Тұрақты даму тұрғысынан Азаматтық қорғау және зілзалалар қауіп-қатерін азайту»  Азаматтық қорғаныс басқармасымен ТЖ департаментінің құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелерінде өткізілетін іс-шаралар кешені әзірленген.

 




Яндекс.Метрика