Адами капитал

Ақтауда ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырларына ескерткіш орнатылады

Ақтауда Маңғыстаулық Кеңес Одағының батырларына арналған ескерткіш орнатылады.
Маңғыстау02 Наурыз , 10:08

Қала әкімдігі хабарлағандай,  «Мәңгілік алау» монументінің жанынан Жеңістің 70 жылдығына арнап арнайы барельеф орнатуды жоспарлап отырмыз. Бірінші барельефке майдан алаңы бейнеленсе, екінші барельефке тыл бейнеленетін болады. Себебі бүгінгі біз тойлағалы отырған Жеңістің 70 жылдығы майдандағы әскери күшке ғана емес мықты тылға да байланысты болатын.

Сонымен қатар, Маңғыстаулық Кеңес Одағының батырлары Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Біләл Қалиев, «Даңқ» орденінің толық иегері Кемер Оңғалбаев, Павел Малаев, Ленин орденді Исатай Сүйеубаев пен Қартбай Бекжановқа арнайы ескерткіштер орнатылатын болады.

Сонымен қатар, Еділ Терекбайұлы қала мектептерінің біріне Исатай Сүйеубаевтың атын беру мәселесі де қолға алынғандығын айтты.

Осыдан 3-4 жыл бұрын қаламыздағы №8 орта мектепке Ленин орденді Исатай Сүйеубаевтің атын беру туралы мәселе көтеріліп, тиісті құжаттар жинақталған. Алайда мораторияға байланысты тоқтап қалған осынау ат беру мәселесін алдағы уақытта қолға алатын боламыз.

 




Яндекс.Метрика