ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Жамбыл облысында БЖК аясында салынатын жел электр стансасы жобасына 953 млн теңге бөлінеді

Қордайда салынатын жел электр стансасына «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының аясында 953,7 миллион теңге бөлінетін болды.
Жамбыл02 Наурыз , 11:47

Жамбыл облысының электр энергетика саласында «Vista International»  жел электр стансасы жобасы жүзеге асырылуда.  

Осы бағытта таратылған ақпарат көздеріне қарағанда, Қордай жел электр стансасының құны 6,362 миллиард теңгені құрап отыр.  Стансаның қуаты 21 МВт, бүгінгі таңда оның 9 МВт іске қосылған.  Осы уақытта онда 13 адам жұмыс істеп жатыр.

Қордай жел электр стансасы жобасын жүзеге асыру аудандық  тіпті өңірлік деңгейде электр энергиясына деген тапшылықты жойып, электр энергиясын импорттауды қысқартып, парниктік газдардың азаюына ықпал етеді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында банктердің несиелерін 953,7 миллион теңгеге қосымша субсидияланады.

 

 




Яндекс.Метрика