Парламент

Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке келді, ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде 02 Наурыз, 09:53

Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада болады және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады.

Қ.Тоқаев сапарының бағдарламасында ірі қорлардың басшылары – Азиялық қоғамның Президенті Дж.Ширанмен, «Еуразия» тобының Президенті Я.Бреммермен, Өркениеттер Альянсінің Жоғары өкілі Н.Ан-Насермен, «Бейбітшілік жолындағы дін» конференциясының Бас хатшысы У.Вендлимен және Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.

 





Яндекс.Метрика