Ұлттың денсаулығы

Елбасы футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады

Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарысты тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы01 Наурыз , 19:32

Суперкубокты алматылық «Қайратты» пенальти нәтижесі бойынша жеңген елордалық «Астана» командасы иеленді.

Мемлекет басшысы ойынға қатысушыларға табыс тіледі және жеңімпаздарға Суперкубокты табыс етті.

Жарысқа Швециядан шақырылған Й.Эрикссон бастаған төрешілер тобы төрелік етті.

Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жарыс 1995 жылдан бері өтіп келеді. Кезекті футбол маусымын ашатын жарысқа чемпионат жеңімпазы мен өткен маусымдағы Кубок иегері қатысады. 




Яндекс.Метрика