Мәдениетті жаңғырту

Алматы облысында Жамбыл күні аталып өтті

Ұлы ақын жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 169 жыл толуына орай Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында жыл сайынғы дәстүрлі «Жамбыл күні» мерекелік шарасы аталып өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы01 Наурыз , 17:31

Шара барысында Ұзынағаш ауылындағы ақынның және сол жердегі Нұрғиса Тлендиевтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жаткандығында. Сондыктанда қазактың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет корсетіп, өлмес рухының алдында бас иеміз», - деп атап өтті аймақ басшысы Амандық Баталов.

«Осы күні ақынның туған күнін атап өту жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналды. Оның өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік, халықтың мұң-мұқтажы, батырлар туралы жырлар жиі айтылып, ҰОС-да солдаттарға арнап шығарған патриоттық өлеңдері де көптеп кездеседі. Осы күні де ақынның өлеңдері мағынасын жоғалтпай, халықтың жадында мәңгілікке қалары сөзсіз», - деп түйді Амандық Баталов.

Шара соңы мерекелік концерке ұласты.




Яндекс.Метрика