Инфрақұрылымның дамуы

Шығыс Қазақстанда муниципалды автопарк ашылады

Өскемен мен Семей қалаларында жақын арада муниципалды автопарктер пайда болады, деп хабарлады ШҚО әкімі Даниал Ахметов жергілікті халықпен есепті кездесуде.
Шығыс Қазақстан02 Наурыз , 09:07

Ол атап өткендей, қазіргі таңда муниципалды автопарктарды екі ірі Өскемен мен Семей қалаларында құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін бірнеше миллиард теңге керек. Жоба өзін –өзі 8-9 жылда ақтайды.

«Техникалық-экономикалық негіздеме дайын.Қаржыландыру мәселері Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісілуде. Жоба жүзеге асырылған соң әр қалада 100 автобустан пайда болады, бұл «СемАЗ» зауытының өнімін өткізуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, кездесу барасында халық аймақ басшысы  Д.Ахметовке  медициналық мекемелердегі ұзын сонар кезекке қатысты шағымданды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы

Аймақ басшысының айтуынша ауруханалар мен емханаларда ақпараттық технологиялар мен электронды жазбалар тәсілі қолданылмайды. Сондықтан әрдайым науқастар кезек күтіп налынады. Облыс әкімі медицина мекемелерінің басшыларына аймақ емханаларындағы дәрігерлерге алдын ала жазылу жұмысын оңтайландыруды тапсырды.




Яндекс.Метрика